Дәретті жүрудің құндылығы

      Дәретпен жүрудің құндылығы, сауабы өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінген:
 
      «Дәретті жүрген адам ораза тұтқан адам сияқты.» (Дәйләми)
 
      «Жақсылап алынған дәрет - иманның жартысы.» (Ибн Хиббан)
 
     «Дәрет алған адамның ағаштан жапырақтары төгілген сияқты күнәлары төгіледі.» (Табарани)
 
   «Жан алушы періште келген кезде дәретті болған адам шәһид мәртебесіне қауышады.» (Табарани)
 
      «Мүмин дәрет үшін бетін жуған кезде көзімен жасаған күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде, қолдарымен істеген күнәлары су тамшыларымен бірге төгіледі. Аяқтарын жуған кезде, аяқтарымен істеген күнәлары сумен төгіледі. Осылайша барлық (кіші) күнәлардан тазаланған болады.» (Мүслим)
 
      Дәрет алған адамның барлық кіші күнәлары кешіріледі. Үлкен күнәлары, адам және жануар ақыларын өзіне немесе мұрагерлеріне өтемейінше күнәлары кешірілмейді. Нәпіл ғибадаттың сауабына қауышу үшін иманда және парыздарда кемшілік болмау, харамдардан қашып, күнәларға тәубе ету және ол амалды ғибадат ретінде жасауға ниет ету шарт. (И. Ахлақы)
 
      «Аллаһу та’ала былай деп бұйырды: Дәреті бұзылғанда дәрет алмаған адам маған жапа шектірген болады. Дәрет алып екі рәкат намаз оқымаған адам да маған жапа шектірген болады. Екі рәкат намаз оқып тұрып менен қажеттілігін сұрамаса тағы да маған жапа шектірген болады. Дәрет алып екі рәкат намаз оқығаннан кейін дұға еткен адамның дұғасын қабыл етпесем мен оған жапа шектірген боламын. Алайда мен жапа шектірмеймін.» (Шира)
 
     «Дәрет алғаннан кейін “Қадір” сүресін оқыған адам сыддықтардан, 2 рет оқыған адам шәһидтердің қатарынан жазылады. 3 рет оқыған адам пайғамбарлармен бірге тіріледі.» (Дәйләми)
 
      «Дәрет алғаннан кейiн  маған он рет салауат айтқан адамның қайғысы кетіп, дұғасы қабыл болады.» (Әййухәл уәләд илмихалы)
 
    «Дәретпен жатқан адам түнде ғибадат жасаған, күндіз ораза тұтқан адам сияқты.» (Дәйләми)
 
      «Дәретпен жатқан адам түнде қайтыс болса шәһид болады.» (Ибн Сүнни)